Біз туралы
«Гүлім» ЖЕКЕМЕНШІК БАЛАБАҚШАСЫНЫҢ МАТЕРИАЛДЫ -ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗАСЫ
«Гүлім» жекеменшік балабақшасы 2019 жылдың шілде айынан бастап жұмыс істейді. Сол жылдардан бері балабақша есігі бөбектерге есігін айқара ашып, бүлдіршіндерге білім мен тәрбиені қатар беруде. Балаларға оқу-тәрбие үрдістерінің толыққанды жүргізілуі үшін балабақша материалдық-техникалық базамен жабдықталған. Мектепке дейінгі ұйымда ән-саз залы, меңгеруші, шаруашылық меңгерушісі, әдіскер, медбике кабинеттері жұмыс істеуге қолайланып, жабдықталып қызмет етеді.
Балабақша аумағында көк жасыл саяжайлар, гүл бақтары, ойын алаңдары бар. Сонымен қатар әр топтар мен кабинеттер аудио-бейне техникаларымен: теледидар, музыкалық аппараттар, бейне таспалар, музыкалық аспаптармен толықтырылған.
Балабақша балалардың жас ерекшелігіне қарай 4 топ жұмыс жасайды. Топтар балалардың жас ерекшеліктеріне сай жабдықталып, бағдарламаға сәйкес әдістемелік шағын педагогикалық кабинеттер қарастырылған. Әр топта желілі рольді ойындар бұрыштары, табиғат бұрышы және спорт құралдары бұрыштары, қимыл-қозғалыс ойындар құралдары, оқу –тәрбие процесіне пайдаланатын көрнекіліктер мен үлестірмелі материалдар, әдістемелік оқулықтар жас ерекшеліктеріне қарай топталып қарастырылған.
Балалардың дұрыс тамақтануы үшін асхана және денсаулығын сараптап, дәрігерлік көмек көрсететін дәрігерлік кабинет жұмыс жасайды. Балабақша ның балаларға ас әзірлеу мен тамақтандыруға қажетті материалдық-техникалық базасы санитарлық бақылаудың мемлекеттік стандартына сай, заманауи қондырғылармен толық жабдықталған.